ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас дирекциясы кеңсесіне барды. Онда ол кәсіпорын іске қосқан ««Бизнес-эффект» цифрлық кен орны» жүйесінің жұмысымен танысып, кен орындарын игерудің бүгінгі жағдайы және мұнай және газ өндірісі көлемі мен жоспарлары туралы ақпараттарды тыңдады.

"Бизнес-эффект" цифрлық кен орны " жүйесі – бұл "Қазақтүрікмұнай" ЖШС бизнес-процестерінің негізгі тиімділік көрсеткіштерін (CRI) бақылау, реттеу және оңтайландыру бойынша шешімдер қабылдауды визуализациялау мен қолдаудың интеграцияланған жүйесі болып табылатын бағдарламалық-аппараттық кешен.

- "Кәсіпорнымыз бұл жүйені енгізудің алғашқы кезеңін 2021 жылы Оңтүстік Қаратөбе кен орнынан бастады. Биыл, яғни 2023 жылы «Бизнес-эффект» цифрлық кен орны» жүйесін енгізудің екінші кезеңін Лақтыбай кен орнында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар бағдарлама аясы кеңейтіліп, қосымша функционалдық модульдер қосылатын болады", - деді Энергетика вице-министріне жүйенің жұмысын таныстырған «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндірісті жедел басқару бөлімінің бастығы Асхат Айжарық.

Бүгінгі күні «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе облысы аумағында 2, Маңғыстау облысы аумағында 4, барлығы 6 кен орнында мұнай-газ өндіру жұмыстарын жүзеге асырады. 31.05.1994 жылығы қол қойылған №1 Лақтыбай, Батыс Елемес, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе, Солтүстік-Шығыс Сазтөбе және Шығыс Сазтөбе кен орындарында мұнайды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және сату туралы келісімшарттың мерзімі 14.10.2041 жылға дейін, ал 18.05.199 жылы қол қойылған №329 Оңтүстік Қаратөбе кен орнында көмірсутегі шикізатын қайтадан барлау және өндіру туралы келісімшарттың мерзімі 26.12.2047 жылға дейін созылған. 6 кен орны бойынша өндіруге болатын қалған мұнай қорының қалған мөлшері 9 824 000 тоннаны құрайды.

- "2022 жылы жоспарланған 431 443 тонның орнына іс жүзінде 436 221 тонны мұнай өндірдік. Жыл сайын кәсіпорынға жүктелген өндірістік міндеттерді сәтті орындап келеміз. Жаңа 2023 жылдың 2 айында да мұнай өндіру жоспарын артығымен орындадық", - деп мәлімдеді«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Исаев Талғат Вице-министрге.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мағауов Әсет кәсіпорында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымына сәттілік тіледі.


Тізімге оралу