№2 ЦЕХ МҰНАЙШЫЛАРЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС №2 мұнай-газ өндіру цехының жұмыскерлері Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесін алғаш рет ағымдағы жылы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген О. Қаратөбе кен орнындағы жаңа тұрғын-жай қалашығында атап өтті.

Мерекеге орай №2 цех мұнайшыларына компанияның бас директоры Талғат Исаев пен бас кеңседегі бөлім басшылары қонаққа келді.

Мереке О.Қаратөбе кен орнына жақын орналасқан Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі көркемөнерпаздар тобының концертімен басталды. Салтанатты шарада компания басшысы ұжым жұмысшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Компания басшысы мен бас кеңсе өкілдері тұрғын-жай қалашығының тұрмыс тіршілігімен жақыннан танысты. Т. Исаев жұмысшылармен емен-жарқын сөйлесіп, олардың өзекті мәселелері туралы сұрап білді. Сонымен қатар қаладан келген қонақтар жұмысшылармен бірге мереке құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты.

Кәсіби мереке мұнайшылар арасында өткізілген футбол, стол теннисі, арқан тартыс, кір тасын көтеру секілді спорт түрлері бойынша өткізілген сайыстармен жалғасын тапты.

Тізімге оралу