«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) басшылығының қазіргі қызмет нәтижелері мен алдағы жылға өндіріс жоспарлары туралы есебін тыңдады.
Компания биылғы 5 айда 185,1 мың тонна мұнай және 52 млн текше метр газ өндірді.
Жыл соңына дейін ҚТМ 449 мың тонна мұнай және 139 млн текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2024 жылы желтоқсан айында Қаражар учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын бастаған болатын. Жиында ҚТМ басшылығы учаскені барлау блогы бойынша келісімшарттың минималды бағдарламасына сәйкес ҚР-1 ұңғымасын бұрғылау жұмыстарының аяқталғаны туралы есеп берді. Қазіргі кезде ұңғыма 3250 метр тереңдікте бұрғыланды. Нәтижесінде бор, юра және пермо-триас шөгінділері ашылды.
Геофизикалық, геологиялық-техникалық зерттеулер мен керн деректері негізінде сынақ жүргізу үшін кезеңдер белгіленді.
Аталмыш жұмыстар геологиялық құрылымды зерттеуге және мұнай мен газ қорларын бағалауға бағытталған, сондай-ақ бұл — көмірсутек қорын толықтыру және өңірдің ресурстық базасын нығайту жөніндегі ҚМГ стратегиясының бір бөлігі.
А.Хасенов Қазақтүрікмұнай басшылығының алдына өндірудің тұрақты көлемін сақтап тұру, операциялық тиімділікті арттыру және кен орынды қосымша барлау бойынша міндеттер қойды.