2025 жылдың 19 сәуірінде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері компанияның бас директоры Алмас Хамзиннің басшылығымен Ақтөбе қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі екі айлық аясындағы қалалық сенбілікке қатысты.
Серіктестіктің жұмыскерлері жұмыла еңбек етті, Әкімдік тарапынан бөлініп берілген Тургенев көшесінің бойында былтырдан қалған ағаш жапырақтарын, қалдықтарды жинады.
Жұмыскерлер көктемгі сенбілікке белсенді түрде қатыса отырып, өздері мекен еткен шаһардың әдемілігі мен жайлылығы үшін әркімнің әлеуметтік жауапкершілігі бар екенін іспен дәлелдеді.