ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Қазахтүркмұнай» ЖШС-ның Жас мамандар кеңесі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, балаларға арналған сурет байқауын ұйымдастырды. Байқауға компания қызметкерлерінің 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалары қатысты.

Барлық жұмыстар өте талантты, жарқын және креативті болды, сондықтан жеңімпаздарды анықтау өте қиынға соқты! Қазылар алқасы үш жүлделі орынды тағайындау туралы шешім қабылдады:

1 орын — Успанова Айсана, 12 жаста;

2 орын — Сұлтан Асанәлі, 12 жаста;

3 орын — Қуантаева Аружан, 8 жаста.

Жеңімпаздарға кинозалға бару үшін екі билеттен табыс етілді, ал байқауға қатысқан барлық балаларға сыйлықтар мен естелік марапаттар берілді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!

Әрбір сурет ерекше, шығармашылықпен орындалған – барлық бала марапатқа лайық!

Тізімге оралу