«Қазахтүрікмұнай» ЖШС-ның Бас директоры бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кен орындарында есептік кездесулер өткізді

Құдайберген Арымбек Компанияның өндірістік нысандарын аралап, ұжыммен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша есептік кездесулер өткізді.

Жұмыс сапары аясында Бас директор №1 және №2 мұнай және газ өндіру цехтарының, сондай-ақ №3 ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу цехының еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесулер барысында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы өндірістік қызметтің қорытындылары шығарылып, Компанияның негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ Құдайберген Арымбек өндірістік нысандарды аралап, вахталық жатақханалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты.

Қызметкерлер өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы бұрын көтерілген мәселелерді шешу бағытында қабылданып жатқан шараларға оң баға берді. Әсіресе №2 мұнай және газ өндіру цехының ұжымы ұялы байланыс базалық станциясының іске қосылуы еңбек жағдайын едәуір жақсартқанын атап өтті. Сонымен қатар ұжым зейнеткерлік демалысқа шығатын әріптестерді салтанатты жағдайда шығарып салу бастамасына жоғары баға берді.

Жұмыс сапары барысында Компания басшысы кен орындарында мердігер ұйымдар жүргізіп жатқан жұмыстардың барысымен де танысып, оларды іске асыру қарқыны мен қызметкерлердің еңбек жағдайларын талқылады.

Тізімге оралу