Компания қызметкерлері Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі тарапынан белгіленген Тургенев көшесі бойындағы аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қыс бойы жиналған қоқыстарды тазартты.
Табиғатты аялау мен қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастама арқылы ұжым қала тазалығына өз үлесін қосып, экологиялық мәдениетті нығайтуға атсалысты.