«Қазақтүрікмұнай» ЖШС жас мамандар командасы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС ұйымдастырған жыл сайынғы Development Days 2026 корпоративтік іс-шарасына қатысып, мұнай-газ кен орындарын игеруді басқару саласындағы жоғары кәсіби дайындық деңгейін, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын және практикалық біліктілігін көрсетті.
Іс-шара аясында PetroCup интерактивті тренажері негізінде кен орындарын игеруді басқару бойынша турнир өткізілді. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарынан 10-нан астам команда қатысты.
Екі күн бойы қатысушылар нақты өндірістік міндеттерді шешіп, кен орындарын игерудің түрлі сценарийлерін модельдеді, стратегиялық басқару шешімдерін қабылдады және олардың тиімділігін салалық сарапшылардың жетекшілігімен бағалады.
Команда «Үздік пайдалану режимдерімен жұмыс» номинациясында үздік деп танылды.
Турнир қатысушыларға нақты өндірістік үдерістерге барынша жақындатылған жағдайларда өз білімдері мен тәжірибелерін сынауға мүмкіндік берді. Командалар көпсалалы ортада тиімді жұмыс істеу, күрделі өндірістік жағдайларды талдау және оңтайлы шешімдер қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Development Days іс-шарасына қатысу «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жас мамандары үшін маңызды кезең болды. Бұл тәжірибе алмасуға, сала мамандарымен кәсіби байланыс орнатуға, басқарушылық құзыреттерді дамытуға және командалық жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Development Days — кәсіби дамуға, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және мұнай-газ саласын одан әрі дамытуға бағытталған инновациялық шешімдерді іздеуге арналған маңызды корпоративтік алаң.