Қазақстанда дәстүрлі түрде қыркүйек айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жұмыскері А. Кинжеев мемлекеттік награда алды.
Астанада өткен салтанатты іс-шара барысында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Мұнай және газ өндіру цехы №1-дің Батыс Елемес кен орнындағы мұнай, газ және конденсат өндіру шебері А. Кинжеев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
А. Кинжеевке мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі табыстады. Ол «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-де 21 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Жалпы мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 43 жылды құрайды.
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында А. Кинжеев компанияның өндірістік қызметін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Сонымен қатар ол өзінің мол практикалық тәжірибесін жас мамандарға белсенді түрде үйретіп, өндірістік тәртіпті нығайтуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.
Мемлекеттік награда мұнай-газ саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан қызметкердің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және көп жылғы еңбегіне берілген жоғары баға болды.