«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері мен үміткерлерін комплаенс тексеру

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (бұдан әрі – ҚТМ) корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттарына ұмтылады және парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділікті ұстанады.

ҚТМ-де сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды жұмысқа орналастыруға тыйым салынады. Адам мемлекеттік қызметке теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіне жұмысқа алынған кезде жұмыс беруші өз құзыреті аясында мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді талап етеді.

Комплаенс офицер үміткерлерді тексеру мақсатында ҚТМ-де персоналды іріктеу жөніндегі комиссияға қатысады және тексеру нәтижелері бойынша анықтама жасайды. Үміткердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған жағдайда, комплаенс-офицер еңбек заңнамасын бұзумен байланысты бар тәуекелдер туралы тиісті қорытынды береді.

Ай сайын комплаенс-офицер қызметкерлердің атына ҚТМ-де қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы, сондай-ақ мүдделер қақтығысының болуы туралы уақытында хабарлау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Мақсаты – олардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және басқа да қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкелуі мүмкін іс-әрекеттердің алдын алу.

ҚТМ барлық қызметкерлері мүдделер қақтығысының бар-жоғын уақытында декларациялауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлауға міндетті. ҚТМ өз қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық фактілеріне нөлдік төзімділікке шақырады.

ҚТМ қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларация беру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. 2023 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша ҚТМ-нің 40-тан астам кеңсе қызметкері активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250 формасы) тапсырды.

ҚТМ мінез-құлық қағидаттары мен стандарттарын бұзуға қатысты тәуекелдерді басқару үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының және ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі басшылығының талаптарын сақтау үшін Бастамашыл ақпараттандыру туралы ережені қабылдады және енгізді.

Әркімнің жазбаша немесе ауызша өтініш жіберуге құқығы бар:

  • ҚТМ немесе КТМ қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы;

  • ҚТМ қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы;

  • ҚТМ қызметкерлерінің қатысуымен мүдделер қақтығысы туралы;

  • ҚТМ этика нормаларын бұзуы туралы

 

Байланыс мекенжайы:

♦ ҚТМ комплаенс офицері Жандос Әбдіханұлы Оспанов: 87132 41 71 98 compliance@aktm.kz

♦ 8 800 080 4747 телефон нөмірі арқылы (ҚР аумағында телефон шалу тегін); mail@sk-hotline.kz электрондық поштасына; www.sk-hotline.kz интернет-порталы арқылы; +7 771 191 8816 нөмірімен WhatsApp Мессенджер арқылы

Тізімге оралу