«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері кәсіби мерекелеріне орай марапатталды

Қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директоры Құдайберген Арымбек қаржы блогының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіпорын қызметіндегі қаржыгерлер еңбегінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар мерекеге орай бірқатар қызметкерге ведомстволық марапаттар табысталды.

Атап айтқанда, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас бухгалтері Татьяна Новик Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Жетекші бухгалтер Ақгүл Исатаеваға ҚР Қаржы министрлігінің Алғысы, ал бас бухгалтердің орынбасары Ерлан Ертлеуовке «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік белгісі табысталды.

Сондай-ақ салтанатты жиын барысында Құдайберген Арымбек Автокөлік қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан берілген марапаттарды да иелеріне табыс етті.

Атап айтқанда, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС №2 мұнай-газ өндіру цехының Қаратөбе кен орнындағы вахталық автобусының жүргізушісі Асылбек Кинеев ҚР Көлік министрлігінің Алғыс хатымен, ал осы цехтың Лақтыбай кен орнындағы вахталық автобусының жүргізушісі Данар Бримжанов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Тізімге оралу