Аталған акция Қазақстан Республикасында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясында және Қайырымдылық күніне орай ұйымдастырылды. Бұл күні мейірімділік танытуға, өзара көмек пен әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қолдау көрсетуге ерекше мән беріледі.
Іс-шара барысында азық-түлік себеттері көпбалалы отбасыларға табысталды.
Жиынтықтар негізгі қажеттіліктерді ескере отырып жасақталып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қамтиды. Акцияның негізгі мақсаты – атаулы көмек көрсету, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және Наурыз мерекесіне тән қайырымдылық дәстүрлерін нығайту. Сонымен қатар, мұндай ізгі шаралар өскіншек ұрпаққа үлгі-өнеге болып, олардың бойында адамгершілік, қайырымдылық және дәстүрге деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Мұндай бастамалар қоғамның бірлігін арттыруға, өзара көмек мәдениетін дамытуға және ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.