Мұнайшылар арасында ұйымдастырылған көңілді додаға ұлттық мұнай компаниясының 10 еншілес және тәуелді ұйымының командалары қатысты. Қатысушылар өзара тапқыр әзілдерімен, сахна мәдениетімен және актерлік шеберліктерімен сынға түсіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сайыс барысында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ерекше белсенділігімен көзге түсті. Нәтижесінде команда «Үздік көрініс» номинациясының иегері атанды.
Сонымен қатар, команда мүшесі Төлеухан Аружан «Үздік дауыс иесі» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Аталған жетістік ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұйымшылдығын көрсетіп, компания қызметкерлері арасындағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға оң ықпал етті.