«Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнайшылары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдады

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің мұнай және газ өндіру цехы №2 ұжымы «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында өткен республикалық сенбілікке қатысты. Іс-шара өткізу орны ретінде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында орналасқан Қаратөбе Оңтүстік және Лақтыбай кен орындарына жақын Жем өзенінің жағалауы таңдалды.
Сондай-ақ мұнай және газ өндіру цехы №1 қызметкерлері де акцияға қосылып, Ақтау қаласында өткен сенбілікке қатысып, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Біз қоршаған ортаға қамқорлық әрқайсымыздың нақты іс-әрекетімізден басталатынына сенеміз. Таза жағалау — болашақ ұрпаққа қалдырар мұрамыз!

Тізімге оралу