«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП АЛМАС ХАМЗИН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алмас Хамзин 1979 жылы 7 қазанда дүниеге келді.

А. Хамзин әр түрлі жылдары «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да коммерциялық директор, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-да бас директордың орынбасары лауазымдарын атқарды, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек етті. 2000 жылы халықаралық экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. 2006 жылы Жапонияның Токио қаласындағы Саяси ғылымдар ұлттық жоғарғы мектебінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің МВА бағдарламасын аяқтады.

Отбасылы, 3 баланың әкесі.

Тізімге оралу