«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өткізген ағаш егу іс-шарасына «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы да белсене атсалысты.
12 қазан сенбі күні серіктестіктің №2 мұнай-газ өндіру цехына қарасты О.Қаратөбе және Лақтыбай кен орындарында 1000 астам жас көшет отырғызылды. Сонымен қатар осы күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Боранқұл ауылында 170 ағаш отырғызылды. Экоакцияға «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жұмыскерлерімен қатар мердігер ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер де қатысты.
Аумақтарды көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызды қадам болып табылады.