СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Ақтөбе индустриялық кәсіби колледжінде ұйымдастырылған облыстық студенттердің ғылыми-техникалық конференциясына кәсіпорнымыздың өндірісті жедел басқару бөлімінің бастығы Асхат Айжарық әділқазы ретінде қатысты. «Заманауи мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың басты бағыттары» тақырыбы бойынша өткен конференцияда заманауи кәсіби қызметтердің түрлі аспектілері талқыланды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС студенттер арасында ғылыми-техникалық саланы дамытуға бағытталған бастамаларды қолдап, аталған шараға демеушілік жасады. Конференцияның жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау салтанатына жастар кеңесінің төрағасы Жағапар Бекарыс қатысты.

Конференция барысында ғылымға белсене атсалысып, зияткерлік жетістірге қол жеткізіп жүрген үздік студенттер арнайы сыйлықтармен, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС логотипі жазылған рюкзактармен марапатталды. Мұндай шаралар студенттердің білімі мен білігін арттырумен қатар, олардың тәжірибелері мен идеяларын өзара талқылауларына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде ғылым мен техника саласындағы болашақ көшбасшылардың қалыптасуына себеп болады.

Тізімге оралу