«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты.

Серіктестіктің Ақтөбе қаласындағы бас дирекциясы қызметкерлері 27 шілдеде «Тұңғыш Президент» атындағы саябақ аумағында ұйымдастырылған сенбілікте қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. 28 шілдеде сенбілік эстафетасын №1 мұнай-газ өндіру цехының жұмысшылары жалғастырды. Олар Б. Елемес және Сазтөбе кен орындарында тазалық акциясын өткізді. Ақтөбе облысы аумағындағы №2 мұнай-газ өндіру цехының жұмысшылары болса, тамыз айының 3-і күні О. Қаратөбе, Лақтыбай кен орындарына жақын орналасқан Жем өзенінің жағалауына барып, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды жинастырды.

Сонымен қатар бас кеңсе қызметкерлері 26 шілде күні «Автокөліксіз бір күн» акциясына қатысып, қала ауасының ластануын азайтып, экологиясын сақтауға өз үлестерін қосты.

Тізімге оралу