«Қазақтүрікмұнай» ЖШС жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан Жарқамыс және Қаражар елді мекендеріндегі мектеп оқушыларына ішіне қажет құралдар салынған оқу сөмкелерін сыйлады.
Серіктестіктің адам ресурстарын басқару бөлімі бастығы Сымбат Ақмағамбетова мен №2 мұнай-газ өндіру цехы бастығының орынбасары Құрманбек Айтмағанбетов Жарқамыс және Қаражар ауылдарына барып, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Жарқамыс елді мекенінде 90 оқушыға, Қаражар елді мекенінде 41 оқушыға жаңа сөмке сыйға тартты.
«ҚазМұнайГаз» ҰЕ АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнай кен орындарына жақын орналасқан елді мекен халқының әлеуметтік жағдайын әрдайым назардан тыс қалдырмай, тиісті дәрежеде қолдау көрсетіп келеді.