«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС-НЫҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ ЖАНДОС УСПАНОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРЛЕРІМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУДЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын мониторингтеу және тәжірибе алмасу аясында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік) Ақтөбе облысының квазимемлекеттік сектор ұйымдарының комплаенс-офицерлері мен шақырылған сарапшылардың қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның комплаенс мәдениеті, қолданыстағы саясаттары және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратпен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның комплаенс-офицері Жандос Успанов баяндама жасады.

Іс-шара қарқынды форматта өтіп, комплаенс тәуекелдерін басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу және этикалық стандарттардың сақталуын тиімді бақылауды қамтамасыз етуге байланысты негізгі тақырыптарды қамтыды. Өз баяндамасында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС комплаенс-офицері өзекті мысалдарды ұсынып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін практикада анықтау үлгілерін талдап, оларды азайту бойынша тиімді тәсілдерді ұсынды.

Семинар бағдарламасы практикалық модульдерден, пікірталастардан және интерактивті сессиялардан тұрды, бұл қатысушыларға тәжірибе алмасуға және өз ұйымдарында комплаенс жүйесін жетілдіруге қатысты құнды ұсыныстар алуға мүмкіндік берді. Ерекше назар бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, адал басқару қағидаттарын ұстануға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға аударылды.

Мұндай іс-шаралар кәсіби білімді тереңдетіп қана қоймай, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға да септігін тигізеді.

Дереккөз: aktobetv.kz

Тізімге оралу