«ШАҢЫРАҚТЫ БЕСІК» МОНУМЕНТІ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

24 тамызда «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе қаласы Кірпішті ауылы жанындағы «Шаңырақты бесік» монументі аумағында тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сенбілікке шықты.

Серіктестіктің бас кеңсесінің қызметкерлері сенбілік кезінде «Шаңырақты бесік» монументі аумағын қоқыстардан тазалап, ретке келтірді. Жиналған қоқыс «Газель» автокөлігімен қалалық қоқыс полигонына жөнелтілді.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күнгі тазалық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының 2800-ден астам қызметкері бір мезгілде сенбілікке шықты. Бұл ауқымды іс-шараға Астана қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ҚМГ еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Тізімге оралу