Спорттық іс-шаралар

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары арасында өткізілетін Спартакиадаға қатысады.

2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға қарасты кәсіпорындар еңбек ұжымдары арасындағы Спартакиада Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Қ.Сәтпаевтың 125-жылдығына арналды.

Тамыз айының 10-ы мен 14-і аралығында өткен жарыстарға барлығы 27 командадан 600-ден астам атлет қатысты.

Мұнай кәсіпорындарының өкілдері спорттың 11 түрі бойынша бас жүлде үшін өзара сайысқа түсті. Олар: арқан тарту, армрестлинг, асық ату, баскетбол, волейбол, киберспорт, мини-футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және шахмат.

Спартакиаданың ақтық сайыстарында кәсіпорнымыздың жұмыскері, №2 мұнай-газ өндіру цехының мұнай-газ және конденсат өндіру шебері Қанат Төремұратов ерлер арасында тоғызқұмалақтан 1-орын алды. Компанияның канцелярия маманы Найля Анафина әйелдер арасындағы 40 жасқа дейінгі санатта жүзуден 3-орын иеленді.

Қанат Төремұратов сонымен қатар "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы Спартакиадаға қатысып, тоғызқұмалақ бойынша өткен додада 5-ші орынды иеленді.

Анафина Найля заняла 3-е место по плаванию в Спартакиаде АО НК КазМунайГаз.jpg Канат Торемуратов в Cпартакиаде АО Самрук Казына.jpg Канат Туремуратов занял 1-ое место по тогызкумалаку среди мужчин в Cпартакиаде АО НК Казмунайгаз.jpg
К. Туремуратов занял 1-ое место по тогызкумалаку среди мужчин в Cпартакиаде АО НК Казмунайгаз.jpg