Қоймашы

Күні: 28.05.2025
Құрылымдық бөлімше/департамен: №1 МГӨЦ, "Батыс Елемес" кен орны Елемес"
Іздеу шарттары: (іздеу мерзімі, көздері): Бос жұмыс орны аясында "Самұрық-Қазына" қорының қызметкерлері арасында

 

Талаптар

Білімі (жоғары, мамандығы / біліктілігі)

Орта немесе жоғары білім және 1С

арнайы бағдарламасы бойынша оқудан өткен.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі

1 жылдан аз емес.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі

-

ҚМГ компаниялар тобында/мұнай-газ

саласында жұмыс тәжірибесі

-

Білетін тілдері

қазақша, орысша

Компьютерде жұмыс істеу дағдылары

және бағдарламалық өнімдерді білу

Білімі: 1С, MC Word, Excel, Power Point, Adobe Acrobat

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

1.     Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары;

2.     Өрт-техникалық минимум ережелері;

3.     Еңбек заңнамасының негіздері;

4.     Ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелері.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1) тауарларды қабылдау және босату кезінде қоймашы 30.10.2020 ж. №359 бұйрықпен бекітілген "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ның ТМҚ қабылдап алу және босату Ережелерін" басшылыққа алады.

2) қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі-ТМҚ) және негізгі құралдарды (бұдан әрі – НҚ) іздеуді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, тауарлық – материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, оларды орналастыру жөніндегі қойма жұмысына басшылық етеді;

3) ілеспе құжаттар бойынша қабылданатын ТМҚ және НҚ сәйкестігін тексереді;

4) жеткізуші ұсынған қол қойылған шартқа сәйкес ТМҚ мен НҚ-ны қабылдайды, жеткізілетін ТМҚ мен НҚ-ны Шарттың техникалық тапсырмасымен салыстырады ;

5) жиналатын ТМҚ және НҚ-ның сақталуын, сақтау режимдерін, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

6) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

7) қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде авто тиегішті басқарады;

8) алынбалы жүк қармау құрылғылары мен механизмдерін орнатады және ауыстырады;

9) автотиегіште жұмыс істеген кезде құрылғыны, көліктің барлық түрлерінде жүктерді тиеу, түсіру тәсілдерін, жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және төсеу қағидаларын білуі және сақтауы тиіс;

 

 

 

Тізімге оралу