Кадрлық саясат саласында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметі туралы ақпарат
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өзінің еңбек ресурстарына ерекше назар аударады. Бүгінде компанияның персонал саны 400 адамнан астам, олардың ішінде Ақтөбе облысының кен орындарында 228 адам, Маңғыстау облысының кен орындарында 133 адам. Олардың 50-ден астам адамы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС 10 жылдан астам жұмыс істейді, көптегені өз ісінің білікті мамандары. Бүгінгі күнде «Казақтүрікмұнай» ЖШС кадрлық саясатта қазақстандық үлес мәселелеріне аса назар аударады. Бұл компания құрылғаннан бері кадр ағымы жоқтығы дерегімен расталады.
2007 жылдың соңында алғашқы рет «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жұмыс берушісі мен Жұмыскерлердің арасында қаржы, әкімшілік және әлеуметтік жауапкершіліктерін қарастыратын Ұжымдық шартқа қол қойылды. Ұжымдық шартқа сәйкес:
- персоналды материалдық қолдау және еңбектерін марапаттау мақсатында мейрамдарға сыйақы төленеді: «Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күні» және «Наурыз мейрамы»;
- персоналды материалдық қолдау мақсатында кезекті төленетін еңбек демалысына шыққанда қосымша Жұмыс беруші материалдық көмек төлемін жүргізеді;
- қызметкердің отбасын материалдық қолдау мақсатында компания қызметкердің немесе отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болуына орай әлеуметтік жәрдемақы төлейді.
Сондай-ақ «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлердің кәсіби дамуларына көптеген үлесін қосады. Компанияның барлық персоналы Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарына сәйкес үнемі міндетті оқуларды және жаңа технологиялар мен біліктілікті арттыру бойынша қосымша оқулар өтеді. Компания қызметкерлері семинарларға, конференцияларға жиі қатысады және көрмелерге барып тұрады.
Компания жер қойнауын пайдалану шартына сәйкес жыл сайын кәсіпорынның қазақстандық персоналын оқытуға қаржы бөледі.
Әлеуметтік жауапкершілік компания дамуының стратегиялық бағытының бірі. Ерекше назар әлеуметтік-еңбек қатынастарына, еңбекті қорғау мәселелеріне және жоғарыда айтылғандай кадр дайындығына аударылады.