Аукцион сағат 15-00 БАҚ-та хабарландыру жарияланған күннен бастап 15-ші жұмыс күні Ақтөбе қаласы Сәнкібай батыр даңғылы 173/1, 401 кабинет мекенжайы бойынша өтеді. Сол немесе басқа активті сатып алуды қалайтын потенциалды қатысушылар аукционды өткізу күніне дейін 2 жұмыс күннен кешіктірмей қатысуға өтінім және кепілдеме жарна енгізу туралы төлем тапсырмасын немесе сатып алатын активтің бастапқы құнынан 1% мөлшерінде банктік кепілдемені ҚТМ-ға ұсынуға тиіс.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:
1) еркін нысанда ресімделген аукционға қатысу өтінімін;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кепілдеме жарна енгізуді растайтын төлем құжатының түпнұсқасын немесе көшірмесін;
4) уәкілдің өкілеттігін куәландыратын құжатты (егер қатысушы өзінің уәкілі арқылы қатысатын болса) ұсыну қажет.
Заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаның мөрімен расталған Жарғының көшірмелерін (барлық енгізілген өзгерістерімен және қосымшаларымен) және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы ұсынады.
Объектілердің техникалық сипаттамаларымен танысуды қалайтындар объектілерге кіруге рұқсат сұрайды:
Шығатын жері Батыс Елемес - ҚР, Маңғыстау облыс, Бейнеу ауданында орналасқан. Облыс орталығы Ақтау қаласы, ол Боранқұл ауыл мекенінен 600 км арақашықтықта. Боранқұл ауыл мекенінен объектіге дейінгі қашықтық – 55 км.
Шығатын жері Оңтүстік Қаратөбе және Лақтыбай – Ақтөбе облысы Байған ауданында орналасқан. Оңтүстік Қаратөбе объектісі – Ақтөбе облысы Байған ауданының Жарқамыс елді мекеніне жақын орналасқан. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы, Оңтүстік Қаратөбе шығатын жерінен 380 км қашықтықта, Лақтыбай шығатын жері Оңтүстік Қаратөбе шығатын жерінен 30 км қашықтықта орналасқан.
Сатып алынатын тауарға төлем шарт жасасқан күннен бастап 5 жұмыс күн ағымында жүргізіледі. Тауарды сатып алушыға тапсыру тауарға төлем алынған соң іске асырылады.
Тауарды жеткізу өздігімен тасымалданады.