«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС егемен Қазақстанның мұнай бизнесі саласында құрылған тұңғыш бірлескен кәсіпорын
Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын қорғау Министрлігімен Түрік ұлттық мұнай компаниясы (ТПАО) арасында 1993 жылдың 9 қаңтарында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім-шартқа қол қойылды.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС егемен Қазақстанның мұнай бизнесі саласында қатысу үлесі 49 % ТПАО-ға және 51 % «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі болып құрылған тұңғыш бірлескен кәсіпорын ретінде 1993 жылдың 4 ақпанында тіркелді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Туркие Петроллери Аноним Ортаклыгы компаниясы арасында жасалған келісім-шарт бойынша «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу-сату туралы Келісім-шарты негізінде 2014 жылдың 23 қазанынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы болып белгіленді.
Құрылтайшылар құрамының өзгеруіне байланысты 2014 жылдың 07 қарашасында Жалғыз құрылтайшының шешімі бойынша жаңа редакцияда компанияның Жарғысы бекітіліп, Астана қаласының әділет департаментінде қайта тіркелді.
Жоғарыда аталған шешімге сәйкес, 2014 жылдың 7 қарашасынан алқалы басқару органы ретінде Бас дирекция жойылып, компанияны басқару жеке орындаушы орган - Бас директорға өтті.
Бүгінгі таңда компанияның қызметі келесі құжаттар бойынша реттеледі:
1) 1994 жылдың 31 мамырында Қазақстан Үкіметі мен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС арасында қол қойылған «Мұнай кен орындарын барлау, игеру, өндіру және сату» келісім-шарты, бұл келісім-шарт 2041 жылдың 14 қазанына дейін ұзартылды;
2) 1999 жылдың 18 мамырындағы Оңтүстік Қаратөбе кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру және барлауға дейінгі Келісім-шарты, бұл келісім-шарт 2047 жылдың 26 желтоқсанына дейін ұзартылды;
3) 2024 жылдың 4 маусымындағы Ақтөбе облысындағы Қаражар учаскесінде көмірсутек шикізатын алдын ала барлауға және өндіруге арналған келісімшарт (қолданылу мерзімі 04.06.2067 жылға дейін); бұл келісімшарт бойынша ЖШС жұмыстарын екі кезең бойынша жүргізеді:
- барлау кезеңі – 18 жыл;
- өндіру кезеңі – мұнай коммерциялық анықталған сәттен бастап 25 жыл.
4) ЖШС Жарғысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.