Тәуелсіздік күні қарсаңындағы марапат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы кеңсесінде онлайн режимінде өткізілген мерекелік жиынға ұлттық компанияның Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы еншілес, тәуелді ұйымдары ұжымдары да қатысты.

Шымылдығы Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылған іс-шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жиынға қатысушыларды ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонан соң ұлттық компанияға қарасты кәсіпорындардың үздік қызметкерлері марапатталды. Бұл жиында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жұмыскерлері де марапатқа ие болды.

«ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ атынан марапаттарды жұмыскерлерге «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директоры Талғат Исаев табыс етті.

Серіктестіктің №3 ұңғымаларды күрделі жөндеу және ұңғымаларды ағымдағы жөндеу цехының бұрғылау қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Қуаныш Отарбайұлы Маханов «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ-ның «Ескерткіш белгісімен», №1 мұнай және газ өндіру цехының мұнай, газ және конденсат өндіру шебері Сәкен Аманжолұлы «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар серіктестіктің №1 мұнай және газ өндіру цехының газ қондырғыларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесары Қадірберген Хайроллаұлы Умаровқа салалық ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тағайындалған «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

Тізімге оралу