Тарихы

«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС егемен Қазақстанның мұнай бизнесі саласында құрылған тұңғыш бірлескен кәсіпорын

Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын қорғау Министрлігімен Түрік ұлттық мұнай компаниясы (ТПАО) арасында 1993 жылдың 9-шы қаңтарында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім-шартқа қол қойылды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС егемен Қазақстанның мұнай бизнесі саласында қатысу үлесі 49 % ТПАО-ға және 51 % «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі болып құрылған тұңғыш бірлескен кәсіпорын ретінде 1993 жылдың 4 ақпанында тіркелді.

1997 жылдан бастап Қазақстан тарапынан кәсіпорын құрылтайшысы болып «Қазақойл» Ұттық мұнай компаниясы белгіленсе, қазіргі таңда - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Туркие Петроллери Аноним Ортаклыгы компаниясы арасында жасалған келісім-шарт бойынша «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу-сату туралы 2014 жылдың 30 маусым күнгі Келісім-шарты аясында 2014 жылдың 21 қазанында Тараптар «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49 % үлесті қабылдау-тапсыру Актісіне қол қойды және 2014 жылдың 23 қазанынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы болып белгіленді.

Құрылтайшылар құрамының өзгеруіне байланысты 2014 жылдың 07 қарашасында Жалғыз құрылтайшының шешімі бойынша жаңа редакцияда компанияның Жарғысы бекітіліп, Астана қаласының әділет департаментінде қайта тіркелді.

Жоғарыда аталған шешімге сәйкес, 2014 жылдың 7 қарашасынан алқалы басқару органы ретінде Бас дирекция жойылып, компанияны басқару жеке орындаушы орган - Бас директорға өтті.

Бірлескен кәсіпорынның қызмет шарттары 23.02.1995 ж. МГ №42 (мұнай) лизенциясы бойынша 1994 жылдың 31 мамырында Қазақстан Үкіметі мен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС арасында қол қойылған «Мұнай кен орындарын барлау, игеру, өндіру және сату» келісім-шартымен және 26.12.1995 ж. МГ №307 (мұнай) лицензиясы бойынша 1999 ж. 18 мамырындағы Оңтүстік Қаратөбе кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру және барлауға дейінгі Келісім-шартымен, ЖШС Жарғысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен реттеледі.

№42 лиценциясы бойынша келісім-шартқа сәйкес ЖШС екі кезеңде жұмыс жүргізеді:

Барлау кезеңі-11 жыл;

өндіру кезеңі-коммерциялық мұнай қорының ашылу сәтінен бастап 25 жыл.

Барлау кезеңі 3 сатыға бөлінген: 1 саты - 4 жыл, 2 саты - 4 жыл, 3 саты - 3 жыл.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС тек қана геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге құқық алу үшін мемлекетке 3,5 млн.АҚШ доллары көлемінде бонус төлемін төледі.

Қазіргі таңда, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС лицензиялы 3 блокта өндірістік қызметін жүргізуде. Ақтөбе облысындағы IIA блокта (Лақтыбай кен орыны) және Оңтүстік Қаратөбе кен орнында (МГ-307 лизенциясы) өнеркәсіптік өндіру жұмыстары жалғасуда. Маңғыстау облысында IV блокта 4 кен орнында (Батыс Елемес, Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе, Солтүстік –Шығыс Сазтөбе) өнеркәсіптік өңдеу жұмыстары жүргізілуде.