«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өкілдері 2023 жылдың 21 қазанында өткен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясына қатыты. Акция аясында Ақтөбе қаласындағы «Триатлон» саябағы аумағында 83 бірлік қылқанжапырақты ағаш отырғызылды.
Бұл шараға сондай-ақ облыс басшысы, қоғам белсенділері, жастар, депутаттар мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Акцияның мақсаты – елімізде экологиялық ахуалды жақсарту үшін халықты біріктіру. Отырғызылған көшеттер Мәртөк ауданындағы питомник пен жеке орман шаруашылықтарынан жеткізілді.