«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

12 желтоқсанда Астанада жыл сайынғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС да аталған байқауға белсенді түрде қатысты.

Байқау төрт аталым бойынша өткізіледі: «Еңбекті қорғау саласы бойынша үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін». «Жылдық үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша арнайы сыйақы.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша байқауға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен алғыс хат алды.

Аталған республикалық байқау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Тізімге оралу