ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

2023 жылдың желтоқсан айында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС «Қорғау» қауіпсіздік карталары жүйесінің талаптарын орындау бойынша үздік қызметкер ретінде № 1 МГӨЦ инженер-механигі Асылбек Махашев танылды.

Асылбек Мақашев кен орнындағы жұмыстарды орындау барысында мұнай-кәсіпшілік қондырғылары слесарының қорғаныш көзілдірігін тақпай, болгаркамен жұмыс жасап жатқанын байқап қалды. Асылбек сол жерде оған жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы керектігі туралы ескерту жасап, жұмысты тоқтатты. Сонымен қатар аталған бұзушылық бойынша "Қорғау"қауіпсіздік картасы толтырылды. Осылайша, ол қауіпсіздік сақталмаған жұмыс процесіне араласып, туындауы мүмкін апаттың алдын алды.

«Қорғау» карталарының қауіпсіздік жүйесіне белсенді қатысқаны үшін №1 МГӨЦ инженер-механигі Асылбек Махашевке бағалы сыйлықтар табыс етілді

Тізімге оралу