Жаңа күн

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас дирекциясы ұжымы ұлттық мереке – Әз Наурыз мейрамын тойлады. Көктем мерекесі «Жаңа күн» деген атпен атап өтілді.

Салтанатты ұжымның бас директоры Талғат Исаев ашты.

-Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!, - деді Талғат Исаев.

Облыстық филармонияның ұлттық аспаптар ансамблінің орындауындағы ән мен күй мерекеге ерекше сән берді. Сонымен қатар серіктестіктегі Жастар кеңесі мүшелері дайындаған концерттік бағдарламада да жиналғандардың көңілінен шықты.

Мерекелік басқосу ұлттық тағамдардан дайындалған дастархамен жалғасты.

Тізімге оралу