Комплаенс офицері

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (әрі қарай- ҚТМ) комплаенс-офицерінің мақсаты - қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және ішкі корпоративті мәдениетті қалыптастыру бойынша міндетті нормативтік талаптарды және үздік халықаралық тәжірибені сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығын (зиян) тәуекелдерін барынша азайту мақсатында ең жақсы халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес жүргізу үшін жағдайлар жасайды.

Комплаенс офицер ҚТМ Бақылау кеңесінің шешімі негізінде ҚТМ Бас директорының бұйрығымен тағайындалады. Комплаенс офицері тікелей ҚТМ Бақылау кеңесіне бағынады.

Кез-келген қызметкер төмендегілер туралы жазбаша немесе ауызша өтініш жібере алады:

·    ҚTM немесе ҚTM қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы;

·    ҚТМ қызметкерлерінің қатысуымен болған сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы;

·    ҚTM қызметкерлерінің қатысуымен туындаған мүдделер қақтығысы туралы;

·    ҚТМ-ның этикалық нормаларын бұзуы туралы.

Өтінішті анонимді түрде беруге болады. Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады және ескеріледі.

Тізімге оралу