АЙДЫН КАРМАНОВ –«ҚОРҒАУ» ҚАУІПСІЗДІК КАРТАСЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ҮЗДІК ЖҰМЫСКЕР

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Алмас Хамзин қазан айында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС «Қорғау» қауіпсіздік картасы жүйесі бойынша үздік жұмыскер ретінде танылған №2 мұнай-газ өндіру цехының слесары Айдын Кармановты марапаттады.

Айдын Карманов кен орнында жұмыс жасау кезінде ЕҚ және ҚТ талаптарын сақтамай жұмыс жасап жатқан жұмыскерді тоқтатып, оған ескерту жасады және бұзушылыққа байланысты «Қорғау» қауіпсіздік картасын толтырды. Осылайша, ол қауіпсіз жүрде жүргізілген жұмыс процесіне араласып, туындауы мүмкін апатты жағдайдың алдын алды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қорғау» қауіпсіздік картасы жүйесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес-тауелді ұйымдарында еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, қайғылы оқиғалар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында енгізілген болатын.

Тізімге оралу