АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

7 мамыр – Отан қорғаушылары күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері қарсаңында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС басшылығы Ауған соғысының ардагері Тимур Бақыт Мұратұлына құрмет көрсетті.

Бақыт Мұратұлы бүгінгі таңда серіктестіктің Кеңқияқтағы мұнай айдау бекетінде тауар операторы қызметін атқарады. Ол 1986-88 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын Ауған жерінде өтеді. Интернационалдық борышын өтеу кезінде ерен ерлігі мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» және Әскери еңбегі үшін» медальдерімен марапатталды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС мереке қарсаңында Ауған соғысы ардагерінің еңбегін атап өткенді жөн көрді. Серіктестіктің адами ресурстарды басқару бөлімінің бастығы Сымбат Ақмағамбетова ұжымдас ардагерді келе жатқан мерекемен құттықтап, оған тұрмыстық заттар сатып алуға арналған 50 мың теңгелік сертификат табыс етті.

Тізімге оралу