«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС ҰЖЫМЫ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Қаланы санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша күзгі екі айлық аясында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас дирекциясының қызметкерлері сенбілікке шықты.

Қызметкерлер серіктестіктің бас кеңсесі орналасқан Ақтөбе қаласы, Сәңкібай даңғылы бойындағы ғимараттың аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбіліктер тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Тізімге оралу