«СПАРТАКИАДА-2023»-тің ІРЕКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары арасында өтетін жыл сайынғы спартакиаданың Ақтөбе қаласындағы іріктеу кезеңі басталды. «Спартакиада-2023»-тің іріктеу жарыстарының салтанатты ашылуы Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан Денешынықтыру-сауықтыру орталығында өтті.

Іріктеу кезеңіне Ақтөбе облысынан 3, Маңғыстау облысынан 3, барлығы 6 кәсіпорынның спорт командасы қатысып отыр. Олар: «Теңіз Сервис» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Казмортрансфлот» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «Caspi Bitum» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС.

12 – 16 маусым күндері аралығында өтетін спорт додасында мұнайшылар шағын футбол, шахмат, тоғыз құмалақ, волейбол, арқан тарту, асық ату, жүзу, баскетбол, қол күресі, үстел теннисі, киберспорт секілді спорт түрлері бойынша өзара сайысқа түседі.

Биылғы іріктеу кезеңіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС командасы да тыңғылықты дайындықпен келіп отыр. Кәсіпорнымыздың намысын корғайтын әріптестеріміз жоғарыда аталған барлық спорт түрлері бойынша бәсекеге түседі.

Тізімге оралу