БАС ДИРЕКТОР №2 ЦЕХ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шілде айының 13-інде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директоры Алмас Хамзин №2 мұнай-газ өндіру цехында болып, 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша кезекті есеп беру жиналысын өткізді.

Серіктестік басшысы жұмысшыларға кәсіпорынның жылдың алғашқы жартысындағы өндірістік-қаржылық көрсеткіштер туралы мәліметтер берді.

Атап айтар болсақ, 2023 жылды алғашқы 6 айында мұнай өндіру жоспары артығымен орындалды. Жоспарланған 216 836 тонның орнына 217 004 тонна мұнай өндірілді.

6 айдың ішінде мемлекет бюджетіне салық және басқа да төлемдер ретінде жалпы сомасы 10 374 317 000 теңге қаржы аударылды.

Кәсіпорынның таза кірісі - 2 151 545 000 тенге.

Жиналыс барысында Алмас Хамзин жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС басшылығы сол күні №2 мұнай-газ өндіру цехының өндірістік нысандары мен тұрғын қалашықтарын аралады, өндіріс барысы және жұмысшылардың тұрмыстық жағдайларын көріп танысты.

Тізімге оралу