ӘРІПТЕСІМІЗ ҚАНАТ ТӨРЕМҰРАТОВ ТОП ЖАРДЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары арасында өтіп жатқан «Спартакиада-2023»-тің іріктеу кезеңінде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жұмыскері Қанат Төремұратов тоғызқұмалақтан 1-орынға ие болды.

Тоғыз құмалақ бойынша 2-ші және 3-ші орындарды, сәйкесіше, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өкілі Ерболат Шалабаев пен «Caspi Bitum» ЖШС өкілі Әлібек Төртінбаев иеленді. Бұл Қанат Төремұратовтың алғашқы жеңісі емес екенін атап өткіміз келеді. Ол бұдан бұрын да ұлттық мұнай компаниясы спартакиадасының финалдық ойындарында бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.

Волейболдан ерлер арасында өткен жарыста «Қазақтүрікмұнай» ЖШС командасы 3-орынды иеленді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Спартакиада-2023» -тің Ақтөбе қаласындағы іріктеу кезеңі 12 -16 маусым күндері аралығында өтіп жатыр. Оған «Теңіз Сервис» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Казмортрансфлот» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «Caspi Bitum» ЖШС және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өкілдері қатысып жатыр.

Тізімге оралу